Түлкібас: «Ауыл аманаты – ел аманаты» тақырыбында кездесу өтті

2023 жылдың 23 қарашасы күні Қоғам қайраткері «QAZAQSTAN DAUIRI» газетінің және республикалық, «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры, «Ел Ана» қоғамдық

қорының президенті, «Ел Ана» қоғамдык-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық, сайтының Бас редакторы, Қазақстан Республикасы Журналисттер Одағының мүшесі – Сәуле Мешітбайқызы Мешітбаевамен «Ауыл аманаты-ел аманаты» тақырыбында тағылымы мол кездесу өтті.

Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесі, әжелер және аналар ұйымы, мектеп басшылары мен педагог-психолог мамандары қатысты.

С.Мешітбайқызы ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық құндылықтар, ауыл мектебінің қазіргі жай-жағдайы, ұлт тәрбиесі және  елге, жерге деген патриоттық сезімін өз сұхбатында жеткізе білді.

Кездесу барысында қатысушылар ұлттық құндылықтарға бағыттап пікір алмасып, өзекті мәселе қозғады.

Қазақстан Республикасы Журналисттер Одағының мүшесі – Сәуле Мешітбайқызына ынтымақтастықты қалыптастыру жолындағы бірлескен жұмыс үшін алғыс білдіремін.

ПІКІР ЖАЗУ