Төлеби жастары жеңіспен оралды

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойындарының мәнін, дала дәстүрін, ұрпақтар сабақтастығын негізге ала отырып, халқымыздың тарихын, болмысын, дәстүрін насихаттап, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерімен қызығушылықтарын арттыру мақсатында, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен облыстық «NOMADS CUP» ұлттық ойындары өтті.

Жалпы жүлде қоры 2 млн теңге құрайтын сайысқа облысымыздың 17 аудан, қаласынан 200-ге жуық спортшы қатысты. 14 пен 35 жас аралығындағы жастар жамбы ату, қазақша күрес, аударыспақ, көкпар жекпе-жегі, арқан тартыс секілді сайыстар бойынша күш сынасты.

Ал, жарыс қорытындысында командалық есеп бойынша:

1-орын: Төлеби ауданы жастары (500 000тг)

Жекелей жарыс нәтижесіне сәйкес:

“Жамбы ату” сайысы бойынша:

1-орын: Бексауыт батыр (Төлеби ауданы)

“Аударыспақ” сайысы бойынша:

1-орын: Өтелбай Дарын (Төлеби ауданы)

“Қазақ күресі” сайысы бойынша:

2-орын: Бейсен Абылайхан (Төлеби ауданы)

Жарыстың ең жас қатысушыларына Арыс қаласының әкімдігі атынан арнайы ынталандыру сыйлықтары және Түркістан облысы жастар ресурстық орталығы тарапынан қатысқан 17 аудан, қаладан келген командаларға 50 000тг қаржылай сыйлықтар және жүлдегер командаларға арнайы кубоктар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ