Созақ: аудан басшысы құрылыс нысандарын аралып, жұмыс барсын бақылауға алды

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында жүріп жатқан құрылыс нысандарын аралады. Сапар барысында Шолаққорған ауылынан Таукент бағытына шығар тұстағы салынып жатқан көпірдің құрылыс барысын бақылауына алды.

Одан соң аудан орталығынан «Жайлы мектеп» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы 900 орынға арналған мектеп пен заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысын аралап, мердігер мекеме өкілдерімен тілдесті. Өндірістік кестеден қалып қоймай, жұмысты барынша ширатып, сапасына мән беру керектігін айтты.

Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» аймағында болып, өткен жылы отырғызылған тал көшеттерінің жай-күйін бақылады. Ауыл округ әкімі мен жауапаты мамандарға күтіп-баптау жұмыстарын сапалы атқарып, аталған аумақты таза ұстау керектігін ескертті.

Сондай-ақ келер жылы «Жасыл белдеу» аумағын арттыру және Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шығар жолдың жиегіне көше жарықшамдарын орнату бойынша атқарылатын жұмыстар кеңінен талқыланып, бұл жөнініде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

ПІКІР ЖАЗУ