Созақ ауданы да «ҚЫС-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізді

Созақ ауданында қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау мақсатында 2023 жылдың  23-24 қараша аралығында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Таңғы сағат 08:00-де «Дабыл-1001» сигналы қосылып, “Басқару органдарының күштері мен құралдарын дайындыққа келтіру бойынша, жергілікті атқарушы органдарға АҚ қызметтеріне хабарлама берілді.  Жоспардан-тыс аудандық төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша комиссия отырысы өткізіліп, барлық қызметкерлер мен жауапты мамандарға тапсырмалар жүктелді.

Сондай-ақ аудан әкімдігінің мәжіліс залында Созақ ауданы аумағында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға арналған мәжіліс өтті. Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов жүргізді. Жиынға аудан әкімінің тиісті бөлім, мекеме басшылары мен жауапты мамандар қатысты.

Авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу орындарына жіберу маршурттарын анықтау, сондай-ақ авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу бойынша іс-шаралар аудандық жеделге ден қою жасағын және аудандық АҚ күштері мен құралдарын «Ащысай» асуына жинап, сапқа тұрғызылды. Аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов және удандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаев дайындық шараларын бақылауға алды .

Облыстық маңызы бар «Ащысай» асуында өткен оқу жаттығу жиынына, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, ішкі істер бөлімі, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Созақ аудандық электр желілері, байланыс торабы, аурухана т. б тиісті бөлім, мекеме қызметкерлері қатысты.

Олар жылу бекетінің дайындығын, электр желісі мен байланыс торабын  қалпына келтіру бойынша іс-қимылдар жасады. Сонымен қатар, өртке қарсы қызмет, медициналық көмек көрсету, электр қуатымен қамтамасыз ету, газ жүйесі бойынша апаттық қызметі, жолдар мен көлік және жанар жағармаймен қамту қызметтерінің  дайындығы пысықталды. Бұған қосымша азық-түлік және медициналық препараттар қорын құру мәселесі де қаралды.

Айта кетейік, ұйымдастырылған оқу-жаттығу еліміздің басты байлығы – адам өмірі мен материалдық құндылықтарды сақтауды мақсат етеді.

ПІКІР ЖАЗУ