Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазығұрт: «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау

Партиямыздың негізгі мақсаттарының бірі – халық мүддесін қорғап, үнемі жанынан табылып, халықтың өтінішіне құлақ асу және көтерілген өтініштердің заң аясында шешімін табуына септесу болса, партия жанынан құрылған қоғамдық қабылдау бөлмесі бұл тұрғыда үлкен рөл атқарады.

Бүгін, Қазығұрт аудандық филиалы ғимаратында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында  қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауды аудандық филиалдың төрағасы Е.Исақұлов, облыстық мәслихат депутаты Н.Әшіров, аудандық аурухана басшысы Б.Сланов, аудандық білім бөлімінің міндетін уақытша атқарушы А.Мамытбаев, Түркістан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының Қазығұрт учаскесінің төрағасы А.Бекмурзаев және заңгерлер мен адвокаттар жүргізді.

Қабылдауға келген азаматтар жауапты сала басшыларына Қ.Сатбаев мектебіне қатысты өзекті мәселерді және жеке өтініштерін  айтты.

Қабылдау барысында көтерілген өтініштерге жауапты сала басшылары мен халық қалаулылары заң аясында жауап берді.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісуда ескі үйлердің сырты жаңарады

admin

Городской диалог: алматинцы идут на референдум

admin

Культурная четверка: В преддверии Дня Республики в Шымкенте открыли 4 дома культуры

admin