Бәйдібек: ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов аудан көлеміндегі мал шаруашылығымен айналысып жүрген шаруа қожалықтарының төрағаларымен кездесті.

Бірінші кезекте аудан әкімі қараша айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні» мерекесімен құттықтады.

– Сіздердің еткен  еңбектеріңіздің  арқасында ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласы алға жылжып келеді. Дәлелі ретінде айтатын болсақ облыс көлемінде аталып өткен «Алтын күз» салтанатты мерекесінде Бәйдібек ауданы жылқы шаруашылығын дамытудан озат аудан атанды. Бұған осында отырған әрқайсыңыздың еңбектеріңіз бар деп, алғысын білдірді, – Ерлан Заипұлы.

Жиында ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан бірқатар озат шаруалар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Тұрар Үркүмбаев мал шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктер туралы хабарлама жасап, жан-жақты түсіндіріп өтті.

Еркін, сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде шаруашалар тарапынан бірқатар ұсыныстар мен өтініштер айтылды. Ауданнан ет қабылдайтын орын ашу, «Ауыл аманаты» бағдарламасымен несие алу, жайылымдық жер, субсидия және ауыл шаруашылығына қатысты басқа да мәселелер қозғалды. Шаруалардың көтерген мәселері бойынша қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан жауап берілді. Бірқатар ұсыныстар назарға алынды.

Аудан әкімінің шаруалармен кездесуі тоқсанына бір рет өткізіліп отыратын болады.

ПІКІР ЖАЗУ