Бәйдібек: аудан әкімі егін егумен айналысатын шаруалармен кездесті

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов ауыл шаруашылығындағы егін егумен айналысатын дихандармен кездесті. Кездесуде  кәсіби мереке «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері» күнімен құттықтады. Биылғы жылы облыстық «Алтын күз» салтанатты мерекесінде Бәйдібек ауданы астық өндіруден озат аудан атанғанын ерекше айтып өтіп, алғысын білдірді. Егін шаруашылығымен айналысып отырған озат шаруаларға құрмет көрсетіп, алғыс хатпен марапаттады.

Астана қаласынан арнайы келген дихандарға жаңбырталып суарудың технологияларын таныстырып, тиімділігін түсіндірді.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Т.Үркімбаев, бас маман Е.Қамбаров «Егін шаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктер туралы» түсіндіріп өтті.

Жиында егінмен айналысып отырған шаруалар ауыл шаруашылығына байланысты бірқатар ұсыныстар айтып, пікірлерін білдірді.

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов ұсыныстарды назарға алып, жауапты бөлімге іс-шара дайындап, тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырма берді.

Жұмыс барысында ауыл шаруашылығына қатысты кездесетін мәселелерді мерзімінде шешу үшін әр тоқсан сайын кездесу ұйымдастырылып, ұсыныстар тыңдалатын болады.

ПІКІР ЖАЗУ