Түлкібас: халықаралық тәжірибемен бөлісті
Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Абуова 2023 жылдың 30 қазан мен 2 қараша күндері аралығында Түркістан облысы білім басқармасының және облыстық “Білім беруді дамыту орталығының ” бастамасымен Түркістан облысының педагогері Жапонияның Токио қаласында “Мұғалімнің тәжірибесіндегі сабақты зерттеу (Lesson study) тақырыбында өткен шетелдік іс-тәжірибесімен 2023 жылдың 17 қараша күні М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының базасында аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларымен жинап, көріп қайтқан тәжірибесімен бөлісті. Таныстырылым барысында мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары тарапынан ондағы сабақты зерттеу әдісі, білім сапасы, оқушыларды ерте жастан өмірге баулу туралы сұрақтарына жауап берді.
Тәжірибе алмасу кездесу кешінде Жапонияның білім беру жүйесі екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай, “Демократиялық ел құрылысы және жылдам экономикалық білім беру” ұранымен милитаризмнен демократияға көшкенін, Жапонияның білім беру жүйесінде бастауыш мектептегі 1-6 сыныптар, орта жалпы білім беретін мектептегі 7-9 сыныптар, жоғарғы орта мектептегі 10-12 сыныптар 9-сыныптан кейін оқушылардың 98,8 пайызы орта мектепке түседі.Бастауыш сыныптарда сабақтың ұзақтығы 45 минут болса, орта мектептерде 50 минутты құрайды.
Делегация құрамы 31 қазан күні Жапонияның Канагава префектурасының Иокогама ауданында орналасқан 150 жылдық тарихы бар Оока мемлекеттік бастауыш мектебінде болғанын және мектеп бойынша кіші қызметкер персоналы қарастырылмағанын, асхана жоқ екендігін- оқушылар сынып ішінде тамақтанатынын ,тазалық жұмыстарын әр сыныпта оқушылардың өздері жүргізетіндіктеріне қызығушылық танытып, таныстырылым арқылы көрсетті.
Тобио мектебіне, қатысқан сабақтарға жеке-жеке тоқталып, слайдтар арқылы білім беру саласына тоқталды.
Сонымен қатар, Жапония мемлекеті жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруға яғни баланың ойлау қабілетін дамытуға функционалды сауатты тұлға ретінде тәрбиелеуде басымдылық байқалғанын, енді алдағы уақытта Жапон мемлекетінен алмасқан іс-тәжірибемізді өзіміздің білім беру ұйымдарымызда іс жүзінде пайдаланып, білімді , саналы, еліне деген патриоттық сезімі жоғары жеке тұлға қалыптастыруда аянбай күш жұмсап, келешектің болашағы үшін аянбай еңбек етеміз деп Сеніммен айтты және аталған тәжірибені өз білім беру ұйымдарында қолданып көруге ұсыныс білдірді.