Түлкібас: мемлекеттік кірістер комитетінің КПИ көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында семинар өтті
Бүгін Түлкібас ауданы бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәжіліс залында ауданымыздың салық төлеушілері, ауылдық округ, кенттердің салық мамандары мен есепшілері, аудандық мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық мекемелердің бас есепшілері, заңды тұлға басшылары, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалық басшылары, қоғамдық пікір көшбасшылары, жергілікті БАҚ өкілдері және аудандық Шамшырақ газетінің тілшілері ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің КПИ көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында семинар болып өтті. Жалпы семинарға 75-тей тұлғалар қатысты.
Семинар барысында, мемлекеттік кірістер органдарының басты мақсаттарының бірі – салық төлеушілерге жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасау жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы А.Тулепов, Түлкібас ауданы бойынша МКБ-ның басшысы У.Халмурадов салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде және салық түсінігі, салық саясаты, салық мәдениеті тақырыптарында, оның ішінде жалпыға бірдей декларациялау, жеке тұлғаның банкроттығы, Мемлекеттік кірістер саласындағы жобалар мен акциялар, қолданысқа енгізіліп жатқан мобильді қосымшалар туралы т.б салық мәселесіне қатысты баяндама жасады.
Семинар соңында Түркістан облысы бойынша МКД-нің Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Асембек Өтепұлы салық төлеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптарын берді.