Сайрам: мамандар қызылшаға қарсы вакцинаны уақтылы қабылдауға шақырады
Бүгін аудан әкімідігінде аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен қызылша ауруының алдын алу және оған қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Дөңгелек үстелге аталған салаға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері және дәрігерлер қатысты.
Мамандардың айтуынша, жыл басынан бастап елімізде халық арасында қызылша ауруы жиі тіркеле басталған. Түркістан облысында 1300-ден астам адам қызылша ауруын жұқтырған. Оның 368-і біздің ауданда тіркелген. Бүгінде ауырғандардың дені 5 жасқа дейінгі балалар. Олардың шамамен 60 пайызы ата-аналарының бас тартуына байланысты қызылшаға қарсы екпе алмаған, – дейді мамандар.
Дәрігерлердің айтуынша, қызылша – вирустық жұқпалы аурулардың бірі және ол ауа тамшылары арқылы өте тез таралады. Бұл инфекция шамамен 100 пайыз сезімталдықпен сипатталады, яғни, бұрын қызылшамен ауырмаған немесе вакцинацияланбаған адам науқаспен байланыста болған жағдайда оны жұқтыру қаупі өте жоғары.
Жиында ауданның дәрігерлері барша тұрғындарды балалардың денсаулығын қатерге тікпей уақтылы вакцина қабылдауға шақырады.