Сарыағаш: ауданның орталық мешіті елге есігін ашты

Күрделі жөндеуден өткен аудандық орталық мешіті бүгін ел игілігіне берілді.  Биылғы  жылдың  шілде айында басталған жөндеу жұмыстары жуырда ғана аяқталған болатын.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан мемлекеттік діндер басқармасының төрағасы, еліміздің бас муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, аудан әкімі Арман Абдуллаев, ел азаматтары және  облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, тұрғындар қатысты.

Мешіттің  ашылу рәсіміне арнайы қатысқан еліміздің бас муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, аудан әкімі Арман Абдуллаев,  ауданның төбе биі Р.Оспанов   құттықтау сөз сөйлеп, қызыл  лентасын қиды.  Сондай-ақ, құлшылық үйін күрделі жөндеуден өткізіп, елдің игілігіне табыстаған демеушілерге шынайы алғыстарын білдіріп, естелік сыйлықтарын табыстады.

Бүгінгі таңда, күрделі жөндеуден өткен мешіттің айналасы электр шамдармен жарықтандырылып, жеке жылыту газ қондырғысы орнатылған. Нысанның ішкі, сыртқы қаспеті жаңартылып, құлшылық үйінің ішіндегі ұлтымыздың бағзы ою-өрнектер көркемделген.

ПІКІР ЖАЗУ