Келес: ауылдың абаттануына жергілікті кәсіпкерлер де атсалысуда

Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылдық округіндегі өзекті мәселелер өз шешімін табуда. Атап айтқанда, аудан басшысы Жәнібек Есенұлы жергілікті тұрғындармен өткен кездесуінде Достық ауылындағы ауыз су ұңғымасы насосын ауыстыру мәселесі көтерілген болатын. Бүгінгі таңда аталған су насосы ауыстырылып, ауыл тұрғындарының пайдалануына берілді. Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасынан бастау алатын В-24 каналы механикалық тазалаудан өткізілді. В-15 каналында бүгінгі таңда тазалау жұмыстары жүруде. Тұрғындар сұранған Қоралас ауылындағы бастауыш мектеп маңына жол кедергісін орнатылып, Ұшқын ауылындағы C.Сейфуллин көшесіне асфальт төселді. Бұл туралы аудан әкімінің Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

– Жыл басынан бері өздеріңізбен тұрақты түрде кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап келеміз. Ұшқын ауылдық округіне қатысты 17 маңызды мәселе көтерілсе, соның 8 мәселесі өз шешімін тапты. Қалған 9 мәселе бойынша жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыруға қосымша уақыт талап етілуде. Ауылдың абаттануына жергілікті кәсіпкерлер де атсалысуда. Атап айтсам, Ұшқын ауылындағы Сейфуллин, Жамбыл, Саттаров және Қ.Сатбаев көшелері жарықтандыру қондырғылары демеушілер есебінен орнатылды, – деді Жәнібек Ағыбаев  өз сөзінде.

Жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген Достық ауылындағы Жаңажол, Достық, Озат, Мақташы және Ш.Құдайбердіұлы көшелеріне шағал төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Достық ауылының шекара маңындағы мал суару суат мәселесін өз шешімін тапты. Алдағы уақытта Достық және Қоралас ауылдарына табиғи газ беріліп, ауыз су мәселесі өз шешімін табады. Бұл бағытта құжаттандыру жұмыстары аяқталып, бюджеттік өтінім берілді. Сондай-ақ ауылдық округі аумағынан мәдениет үйі мен медициналық пункт салу жоспарға енген.

ПІКІР ЖАЗУ