Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Созақта жүгіру марафоны өтті

Созақ ауданының 95 жылдығы және 15-қараша Ұлттық валюта күніне орай Жартытөбе ауылдық округінде жүгіруден марафон  өтті. Шараның мақсаты — жастар  арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу. Марафон аудан көлеміндегі жастар арасында ұйымдастырылды. 100-ден аса қатысушы 5 және 10 шақырымдық қашықтық бойынша сынға түсті.

Жарыс қорындысы бойынша марафоншыларды аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бақтыбай Сәрсенбаев пен Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Олжас Төлепбергенұлы салтанатты түрде құттықтап, белсене қатысқан жас спортшыларға өз алғыстарын білдірді.

10 шақырымдық жарыс нәтижесі бойынша 1-орын — Нұрпейсов Еламанға (Сызған ауылы),  2-орын — Қонысбек Асқарға (Шолаққорған ауылы), 3-орын — Тұрсынәлі Абдуллаевқа (Созақ ауылы), “Ең жас қатысушы” — Тұрғанкүл Сейтбекке (Созақ ауылы), «Ең үлкен қатысушы” — Гүләзия Юсуповаға (Созақ ауылы) бұйырды. Ал 5 шақырым бойынша 1-орынды — Әби Шерзат (Созақ ауылы), 2-орынды — Лесбек Нұрәділ (Жартытөбе ауылы), 3-орынды — Өтеміс Елмұрат (Жартытөбе ауылы). “Ең жас қатысушы” номинациясын — Бағдат Омар (Жартытөбе ауылы), «Ең үлкен қатысушы” номинациясын — Алдаберген Мұхтар (Жартытөбе ауылы) алды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда «Қонаев – ғасыр адамы» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті

admin

ШЫМКЕНТ: Достық шағын ауданын инфрақұрылым желілермен қамту жұмыстары жүргізілуде

admin

Талдыкөлден эвакуацияланған тұрғындарға дәрігерлер көмек көрсетуде

admin