Төлеби: «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында кездесу өтті

Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында Төлеби ауданының тұрғындарымен рухани кездесу өтті.

Кездесуге арнайы республикаға танымал, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы, елге танымал айтыскер ақын  Біржан Ғаниұлы арнайы келді. Іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар кеңесі, аудан тұрғындары, мектеп ұстаздары және жастар қатысты.

Жастардың тәрбиесінен бастап, отбасылық құндылықтар, отбасындағы әкенің ролі, имандылық, үлкенге құрмет, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану және дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеу, керағар ағымдардан  хабардар ету және де шетелде діни білім алудың қауіпті екені туралы  ақпарат беру мақсатындағы кездесу өте әсерлі өтті.

Кездесу барысында Нұрлан Байжігітұлы ел бірлігі, ата-баба дәстүрі, қасиетті Ислам дінінің құндылықтары туралы әсерлі әңгіме өрбітіп, өмірінде кездескен әр түрлі жағдайларды мысал ете отырып, жастарымызға ұлағатты насихат жеткізді. Көрермендер өздерінің көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды. 

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан ауданға келген қонақтарға арнайы сый-сияпат көрсетілді.

ПІКІР ЖАЗУ