Сарыағаш: қаржы саласының мамандары марапатталды
Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында 15 қараша – Ұлттық валюта күні орай мерекелік жиын болып өтті. Мерекелік іс шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов ,аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, қаржы саласының мамандары қатысты.
-Сіздерді Ұлттық валюта күнімен және қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Республикамыздың экономикалық тәуелсіздігінің негізін қалаған және ел егемендігін нығайтудағы маңызды қадам болған ұлттық валютаны енгізу жөніндегі Қазақстан Президентінің тарихи шешімдерінің бірі болды. Ұлттық валютаның пайда болуы нарықтық қарым-қатынастың дамып, тиімді банк жүйесінің қалыптасуына тың серпін берді. Құрметті қаржыгерлер, қаржы саласының ардагерлері, баршыңызды Ұлттық валюта күнімен тағы да құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін,– деп құттықтау сөз алды аудан басшысы.
Мерекелік жиында аудан басшысы Арман Абдуллаев қаржы саласының қызметкерлерін облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Сонымен қатар, қаржы саласының мамандарын аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов құттықтап, марапаттады.