Келес: Ақтөбе ауылдық округінің инфрақұрылымы жаңаруда
Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округінің құрамына 14 ауыл кіріп, 25 мыңнан аса халық тұрады. Жергілікті халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жыл сайын әлеуметтік нысандар салынып, көшелер жөндеуден өтуде. Атап айтқанда Қияжол елді мекені Қаңағат көшесіне 1,8 шақырым электр желісі бағаналары және 1 дана трансформатор, Құйған елді мекені Шекара, Балықшылар және Қазына көшелеріне жалпы 3 шақырым электр желісі бағаналары мен 2 дана трансформатор орнату жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Бозсу елді мекеніндегі Жаңалық, Денсаулық, Жаңағасыр көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 8,2 шақырым жол орта жөндеуден өтіп, пайдалануға берілетін болады. Ал, Жуантөбе елді мекеніндегі Ақдала көшесі бойындағы көпірді ағымдағы жөндеу жұмыстары демеушілер тарапынан ұйымдастырылып, ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілді. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.
– Ақтөбе ауылдық округі ауданымыздағы даму перспективасы жоғары өңірлердің бірі. Мұнда еліміздегі ірі жүк өткізуге арналған Б.Қонысбаев кеден бекеті орналасқан. Алдағы уақытта көлік қозғалысы үшін автомагистрал және темір жол рельысі түсуі көзделген. Жергілікті тұрғындарды қолайлы инфрақұрылым және әлеуметтік нысандармен қамту үшін биыл екі мектептің құрылысы басталса, келер жылы тағы екі мектеп салынуы жоспарлануда. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы саласын өркендету үшін каналдар мен қашыртқыларды тазалап, «Оймауыт» магистралдық каналында орнатылған тоғанды жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарға енгізіп отырмыз, – деді аудан әкімі өз баяндамасында.
Аудан әкімі Жәнібек Есенұлы өз мәлімдемесінде Ынтымақ және Жаңадәуір елді мекендеріне медициналық пункт салу үшін қажетті құжаттары дайындалып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданғанғанын жеткізді. Сонымен қатар, Жуантөбе, Кеңдала, Жаңадәуір, Көгерту, Ақжар, Ескіқорған, Құйған, Қияжол елді мекендерге таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп жатқандығын айтып, тиісті жұмыстар атқарылатын атап өтті.
Алдағы уақытта тұрғындар сұранысы негізінде Жаңадәуір елді мекеніндегі Мектеп көшесі мен Қаратөбе және Ғ.Мұратбаев елді мекендері арасындағы аудандық маңызы бар жолдар орта жөгндеуден өткізілмек. Ал, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру үшін Ақтөбе ауылдық округінен «Тамсан-БТА 2023» өнідірістік кооперативі (балық шаруашылығы және мал шаруашылығын дамыту) құрылды. Қазіргі таңда 77 азамат несие алуға қызығушылық танытып, кооператив мүшесі болып тіркелген. Оның ішінде 18 азамат 112 млн теңге қаржы алды.