Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазығұрт: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына тұрақты түрде жүргізілген мониторингтік жұмыстары

2023 жылдың 15 қараша күні аудан аумағындағы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге, аудан орталығындағы «Ешанқұл ата» орталық базары мен сауда нүктелеріне (дүкен, супермаркет) мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңға, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы маңызды мәселе.

Яғни, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын шекті рұқсат етілген мөлшерінен асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының  2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы» Кодексіне  және  2004 жылғы 12 сәуірдегі  №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әр бір сауда нүктелерінің иелеріне Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және шекті мәнінен асқан жағдайда заң аясында айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды ақпарат жұмыстары түсіндірілді.

Сәйкес жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн теңге айыппұл салынды

admin

Шымкент : Әл-Фараби ауданында 2 елдімекенге ауыз су жүргізілуде

admin

Әкімі озған, өңірі тозған

admin