Бәйдібек: әрбір тұрғынның көтерілген мәселесі кезең-кезеңмен шешілетін болады

Бүгін Бәйдібек ата елді мекеніндегі мәдениет үйінде аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Алмалы ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Кездесу жиынында округке қарасты Жарықбас, Алмалы, Бәйдібек ата елді мекендерінің тұрғындары өзекті деген бірқатар мәселелерді аудан әкіміне жеткізіп, ұсыныс пікірлерін айтты.

Алмалы ауылының ауыз суы, көше жарығы, Бәйдібек ата ауылындағы Ақтау көшесінің жарығы мен көпір салу, балалар ойын алаңшасына штат бірлігін қарастыру, ұялы байланыс желісінің төмендігі, жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан спорт кешенін аудан орталығындағы спорт мектебінің есебіне беру,  Жарықбас елді мекенінен балалар және спорт алаңшаларын соғу, Жаңаталап пен Жарықбас елді мекенін жалғайтын топырақ жолға тас төсеу, ФАП-тың жылуы және басқа да бірқатар мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов азаматтармен жеке қабылдау өткізіп, бүгінгі жиында  үш елді мекен тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелерді аралап көрді. Жауапты мамандармен талқылап, орындалуы бойынша  зерделеу жүргізіп, нақты ұсыныс беру жөнінде тапсырма берді.

Жалпы аудан әкімінің Алмалы ауылдық округі тұрғындарымен өткен жиынында айтылған ұсыныс-пікірлер мен өтініштер назарға алынып, кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Алмалы ауылдық округіндегі өткен есепті жиынына облыстық мәслихаттың депутаты Ғ.Қапалбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, халық қалаулылары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, округ тұрғындары қатысты.

ПІКІР ЖАЗУ