Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістандық бұрымдылар ел чемпионатында бас жүлдеге таласуда

Түркістандағы Балуан Шолақ спорт кешенінде баскетболдан 14-15, 10-11 жас аралығындағы қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

Рухани шаһарда жалауын түрген елішілік жарыстың жеңімпаздары 19- қарашада анықталатын болады.

Баскетболдан жасөспірім қыздар арасында басталған Ел чемпионаты ә дегеннен қыза түсті. Жарысқа келген әрбір команда бас жүлде үшін таласта бар күш-жігерлерін салуда.

Түркістан облысының баскетболдан аға жаттықтырушысы Жанат Арапованың айтуынша, спортшылар осы елшілік жарыс арқылы шыңдалып, Қазақстан құрамасына алынатын болады. Себебі осы жас ерекшелігі бойынша келер жылы Азия чемпионаты өтуі бек мүмкін.

Жарысқа еліміздің: Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан қалалары мен Павлодар, Ақтөбе, Жетісу, Түркістан облыстары және Түлкібас, Сайрам ауданынан жалпы 12 команда келген қатысуда.

Тартысқа толы өтіп жатқан Ел чемпионатында бас жүлдеге Түркістан қаласы мен Алматы, Шымкент, Жетісу қалаларының бұрымдылары таласуда.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда көктемгі тазалық, абаттандыру жұмыстары басталды

admin

ШЫМКЕНТ: Биыл 101 спорт алаңын салу жоспарланған

admin

Суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді

admin