Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: түйіткілді мәселелердің түйіні тарқатылды

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.Кездесуден алдын аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді.

Аудан әкімі алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелердің қаншалықты орындалғанын тұрғындар алдында баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісіп, тұрғындардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

— Бүгін өздеріңізбен арнайы кездесіп тұрмын. Мақсат — талаптарыңыз бен ұсыныстарыңызды тыңдау.

Бюджеттің жағдайы белгілі, барынша тиімді қолданып, бірінші кезекте халыққа аса маңызды мәселелерді шешуге күш саламыз. Сіздердің әрбір өтініштеріңіз назарға алынып, алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндігіне қарай тиісті жұмыстар атқарылатын болады, – деді аудан басшысы.

Кездесу барысында, тұрғындардың басым бөлігі аяқ жол, спорт кешені, асфальт, ағын су, аялдама салу мәселесі және жеке мәселелері туралы өтініштері мен пікірлерін айтты.

Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Жамбыл: 2026 жылға дейін 60 инвестициялық жоба іске асырылады

admin

Елордалық оқушы әр адамның қанша су тұтынатынын есептейтін арнайы платформа әзірледі

admin

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ заманауи электр станциясы салынады

admin