Ордабасы: “Ауыл аманаты” бағдарламасына қатысу деңгейін көтеру қажет

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен ауыл тұрғындарының  әлеуетін арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасының аудандағы жұмыс барысы бойынша жиын өтті.

Жиын барысында аталған бағдарламаға Қараспан, Бадам, Шұбар ауылдарынан қатысып отырған, қатысуға ниетті азаматтарға “Ауыл Аманаты” бағдарламасының басым бағыттары түсіндірілді.

Үгіт-насихат жиынында аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы сала жауаптыларына мемлекеттік бағдарламаға құжат тапсырған азаматтардың қатысу деңгейін қадағалап, кәсіп көзін ашуына қолдау көрсетуді тапсырды.

Айта кетерлігі, “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша ауданнан  облыстық «Ырыс» МҚҰ на құжат тапсырған азаматтар саны 350, қаржы көлемі 1 млрд, 812 млн тенге. Оның ішінде мақұлданғаны 240, қаржы  көлемі 1 млрд, 570 млн тенге. Қаржыландырылған азаматар саны 174, қаржы көлемі 1 млдр, 95 млн тенге. Бас тартылған азаматтар саны 33, қаржы көлемі 241 млн тенге. АӘК алушы 2 азамат, қаржы көлемі 10 млн тенгені құраған.

ПІКІР ЖАЗУ