Созақ ауданы «ТҮЙЕ» шаруашылығын дамытуда озат аудан номинациясымен марапатталды

9 қараша күні Түркістан қаласында өткен  «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері»  күніне арналған «ALTYN KUZ-2023» мерекесінде Созақ ауданы «Түйе» шаруашылығын дамытуда ОЗАТ аудан номинациясын иеленді.

Сонымен қатар, осы мерекеде Созақ ауыл округінен «Жаңа Қазақ Елі» АӨК-і төрағасы Әлібеков Еркебұлан Амангелдіұлы Түркістан облысы әкімінің «Озат мал бордақылаушы» дипломы мен «Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы» заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлер қауымдастық нысанындағы бірлестік төрағасы Ж. Дайрабаевтың «Үздік Фермер» төсбелгісімен марапатталды.

Осы ретте, бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен Созақ ауыл округінен құрылған «Жаңа Қазақ Елі» АӨК-і төрағасы Әлібеков Еркебұланды қабылдады. Аталған номинациялар мен төсбелгіні табыс етіп, құрмет көрсетті. Алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы саласын дамытып, өнімділікті арттырудағы жұмыстарды бірлесе атқаруға сенім білдірді.

Айта кетейік, 2020 жылдан бастап түйе шаруашылығын дамыту мақсатында аудан бойынша  1980 бас түйе аналығы сатып алынды. Оның ішінде 1000 бас түйе несие алу арқылы жүзеге асса, 980 бас түйе азаматтардың өз қаражаты есебінен алынған.

Шолаққорған ауылдық округінің агроқұрылымдары 30 тонна «Golden Camel Group» ЖШС-не, 60 тоннасын  «Казфут» ЖШС-не, Қарақұр ауылдық округінің агроқұрылымдары 53 тонна, Созақ ауыл округінің агроқұрылымдары 113 тонна «Казфут» ЖШС-не, барлығы 256 тонна түйе сүті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілген. Кейінгі жылдары «Golden Camel Group» ЖШС-і өз жұмысын тоқтатуына байланысты аудан агроқұрылымдары сауылған сүттерді ішкі нарыққа  өткізуде.

2023 жылдың 9 айындағы есеп бойынша  жалпы ауданда 15 979 бас түйе өсірілсе, 3 жылдың ішінде 117 пайызға өскен. 

Сондай-ақ ауданда «Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Созақ, Құмкент, Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылды.

Аталған ауылдық округтерінен 4 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Олар: Созақ ауыл округінен «Жаңа Қазақ Елі» АӨК-і (төрағасы Әлібеков Еркебұлан Амангелдіұлы)  мүшелікке 91 азамат тіркелеген. «Ауыл Аманаты» бағдарламасының V-бағыты бойынша 26 млн.теңге несие қаржы алып, 2 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алды.

Жартытөбе ауыл округінен «Сембек ата» АӨК-і (төрағасы Бахбергенов Жарқынбек Сембекұлы) мүшелікке 70 азамат тіркелеген.  «Ауыл Аманаты» бағдарламасының V-бағыты бойынша 20,3 млн.теңге несие қаржы алып,  3 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алды.

Шолаққорған  ауыл округінен «Созақ Агро Өнімдері» АӨК-і (төрағасы Қасымбек Арман Нұрболұлы) мүшелікке 181 азамат тіркелеген.  «Ауыл Аманаты» бағдарламасының V-бағыты бойынша 27,6 млн.теңге несие қаржы алып, 4 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алды.

Құмкент  ауыл округінен «Рауан» АӨК-і (төрағасы Досбаев Мұрат Мақсұтұлы) мүшелікке 70 азамат тіркелеген.  «Ауыл Аманаты» бағдарламасының V-бағыты бойынша 15 млн.теңге несие қаржы алып,  жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алуға келісім-шартқа отыру жұмыстарын жүргізуде.

ПІКІР ЖАЗУ