Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Еліміздегі жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкентте орналасқан

Қазақстан аумағы бойынша жалғыз орталық, яғни «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкент шаһарында орналасқан. Мұнда салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізіліп, баспа өнімдері шығарылып және де ғасырдан ғасырға жеткен ұлттық құндылықтарымыз кеңінен насихатталады. Сондай-ақ, Оңтүстікті мекендеген өзге ұлыс өкілдерінің де әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жүйелі түрде зерделеніп, ортақ игілікке пайдалану жағы қарастырылған.

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы алаңына оюлы текемет салынды. Жәй емес, қошқар мүйізді текемет. Ынтымағы жарасқан ұжымның еңбегі деуге болады. Қазақ дәстүрімізді дәріптеп, ұлттығымызды ұлықтап жүрген орталықтың тың идеясы.

Оюлы текеметті сырлы түрлі-түсіт бояумен безендірген. Алдағы уақытта орталыққа келген қала тұрғындары мен қонақтары текеметті тамашаласа, ал балақайларға түрлі ұлттық ойындарды, яғни орталық іс-шараларын осы текемет үстіне ұйымдастырылатын болады.

Қошқар мүйіз өрнегінің мағынасы туған жер төсін толтырған отар – отар қой деген халықтың арман тілегін, молшылықты, бейбітшілікті білдіреді. Қошқар мүйіз – қошқардың мүйізі тәріздес ою.

Мұндағы негізгі ұстаным –Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясын, «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру болып табылады.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте «Тen qogam» секторы ашылды

admin

Синоптиктер жазда ауа райы қандай болатынын айтты

admin

Сарыағаш: аудан әкімі құрылыста ең бастысы — мерзім және сапа!

admin