Отырар: тұрғындармен кездесу өтті
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов Отырар, Талапты ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу жиыны алдымен Отырар ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Ауыл тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан кездесуде Арыс, М.Шойманов ауылдарында 2023 жылы атқарылған жұмыстардың барысы баяндалды. Отырарлықтардың М.Шойманов ауылында мәдениет үйінің ғимараты салынса деген ұсынысы қолдау тауып, биыл 150 орындық жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс алаңына жергілікті тұрғындар тартылып, маусымдық жұмыспен қамтылып отыр. Сонымен қатар, Арыс ауылында балаларға арналған ашық ойын алаңының құрылысы жүргізілуде. Ойын алаңына жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралған.
Ауылдық округ тұрғындары атынан Тәліп Асанұлы, Сайрам Сәрсенов, Сапарәлі Жаманғара жүгері дақылын нарыққа өткізу, көлденең қашыртқылар (дренаж) және газ мәселесіне қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Кезекті кездесу Талапты ауылында жалғасын тапты. Аудан әкімінің орынбасары Шытты ауылындағы ашық ойын алаңының құрылысымен және Көкмардан ауылының тұрғыны Б.Шоқаевтың мал бордақылау ісімен танысты. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, орта және егде жастағы азаматтардың дене шынықтыруына барынша қолайлы жағдай жасалған ойын алаңы бюджет қаражаты есебінен жүргізілді. Сонымен қатар, Көкмардан ауылындағы ішкі көшелердің құрылыс жұмыстарының барысы және сапасын бағамдады.
Мұнан соң кездесу өтіп, кездесуде Талапты ауылдық округі тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдалды. Үсен Әлшері Шытты ауылында электр энергиясы көп өшетіндігін айтса, Жанқұл Арысбаев КМ-1, КМ-2 каналдарында жаз мезгілінде су болмай үйіргелік егін мен ағаштар қурап кеткенін айтты. Сонымен қатар, соңғы жылдары көптеп көтеріліп жүрген Шыттыда ФАП мәселесін Есенәлі Төлегенов қозғаса, Сейілхан Смайылов «Бейбітшілік» көшесіне асфальт төселсе деген ұсынысын білдірді.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханұлы айтылған ұсыныс-пікірлер өз бақылауында болатынын айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеді.