Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысынан Қостанайға арнайы делегация барды

Қостанай облысына Түркістан өңірінен арнайы делегация аттанды. Мақсат – теріскейге қоныстанған отбасылардың тыныс-тіршілігімен танысу, көшті үдете түсу үшін насихат жұмыстарын жүргізу. Делегация құрамында әкімдік қызметкерлері, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері бар.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері Қостанайға 1 093 адам қоныс аударған. Көшіп барған тұрғындар облыстың барлық 20 аудан-қалаларына орныққан. Оның ішінде Қостанай қаласында — 192 адам, Сарыкөл ауданында — 141 адам, Рудный қаласында – 119 адам, Әулиекөл ауданында – 94 адам. Қоныстанған мамандардың қатарында медицина қызметкерлері, мұғалімдер, тәрбиешілер, тракторшылар, аспазшы және экономист, тігіншіге дейін бар.

Қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларға отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241 500 теңге) мөлшерінде көшуге, сондай-ақ тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін ай сайын материалдық көмек түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, тұрғын үй сатып алу үшін де көмек беріледі.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалидің айтуынша, 2023 жылы облыста квотаға Түркістан облысынан 151 адам  енгізілген. Барлығына көшуге, тұрғын үйді жалға алуға материалдық көмек төленген. Биыл экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша 15 отбасы (60 адам) тұрғын үй сатып алған. Келешекте өңірдің әр аудан-қаласы арнайы дәрігерлер үшін 4 үй алып қою мәселесін қарастырып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

«TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңының алғашқы отырысы өтті

admin

Суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді

admin

Командный дух и психологическая устойчивость: полицейские Туркестанской области приняли участие в тимбилдинге на природе

admin