Түлкібас: балабақша педагогтерімен оқыту семинары өтті

Түркістан облысы “Білім беруді дамыту орталығы” КММ жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты МК “Аяулым” ЖШС бөбекжай-бақшасында “Құзыреттілік орталықтарының және мобильді топтың қызметін үйлестіру” тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

  Оқыту семинарына Түлкібас ауданынан білім бөлімінің әдіскері Ж.Буралхиева,мобильді топ мүшелері К.Алгатаева, Р.Лепесханова және құзыреттілік орталық тізіміне енген “Таңшолпан” бөбекжай-бақшасының әдіскері А.Курпеева қатысты.

Оқыту семинары барысында Облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту кафедрасының меңгерушісі Г.Кульбаева мобильді топтардың жұмыс жүргізу ережелерімен, мақсат- міндеттерімен таныстырды, сонымен қатар , Республика бойынша құрылған құзыреттілік орталықтарының тізіміне енген облыстағы 3 балабақшалардың жұмыстарымен танысты.

 “Таңшолпан ” бөбекжай-бақшасының әдіскері А.Курпеева атқарылып жатқан жұмыстары, қай бағытта жұмыс жүргізіп отырғандары туралы түсінік берді. Осындай нәтижеге бағытталған жұмыстар өз жалғасын таба бермек.

ПІКІР ЖАЗУ