Түлкібас: аудандық аурухана мамандары мен ауылдық округ әкімдері шұғыл жиын өткізді

 Түлкібас ауданы халқы арасында 2023 жылдың шілде айынан бастап, бүгінгі күнге дейін “Қызылша” аурушаңдығының 137 жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде 44 науқастың қан сынамасы Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасында зерттеліп, қызылшаға оң нәтиже расталған. 5 науқастың жағдайы теріс. Қалған 93 науқастардың қан сынамасы зертханаға жеткізіліп, тексерілуде. Бұл індетке шалдыққан 137 науқастың 118 жағдайы, яғни 86,0 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.

Осы орайда, аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аудандық аурухана мамандары мен ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшыларын жинап, шұғыл жиын өткізді. Аталған жағдай бойынша бірқатар мәселелер талқыланып, Түлкібас ауданында қызылша жөніндегі санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдасытыру және жүргізу бойынша жедел штаб құрылды.

Сонымен қатар, аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы ауыл әкімдері мен білім саласының мамандарына медицина қызметкерлерімен бірлесе аудан тұрғындарына аталған індет бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дерттің  өршіп кету қауіпінін алдын алу шараларын ұйымдастыруды тапсырды. Ал мектептер мен балабақшаларда жедел түрде маскалық режимге ауысуды, ал қызылша дерті көбейіп жатқан мектептер мен балабақшаларды онлайн оқу форматына өтуін білім бөлімі мен жауапты мамандарға жүктеді. Және де індетке қарсы екпе егу жұмыстарын күшейту керектігін атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ