Сайрам: аудан әкімінің жұмысына апталық шолу

4 қараша. Бұл күні аудан әкімі Арман Сәбитов аудан орталығы Ақсукентте көгалдандырылуға бағытталған сенбілікке қатысты. Аталған сенбілікте әкімдік ғимаратаның маңы қоқыстан тазартылып. Сондай-ақ, дедрологиялық саябақта ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Көшет егу жұмысы республикалық «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» акциясы аясында жүзеге асырылуда.

3 қараша. Аудан әкімі Арман Сәбитовтың тапсырмасына сай Ақбұлақ ауылдық округіндегі Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары тексерілді. Бұл күні әкім орынбасары Мадияр Оразалиев және құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Моминжанов Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Аталған нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалған. Жобаның құны 208 442,2 мың теңгені құрайды.Бұл ретте жұмысшы топ мердігер мекеме «Шаңырақ XXI»  құрылысты уақытылы және сапалы аяқтауын тапсырды.

2 қараша. Аудан әкімі Арман Сәбитов Манкент елді мекеніндегі Айнабұлақ көшесі бойындағы шлакоблок өндіретін кәсіпкерлік нысандарды ретке келтіруді тапсырды. Бұл ретте, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, ауылдық округ әкімі Абдиғани Сайтмуратов, жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері, құрылыс, сәулет және қала құрылысы және жер қатынастары бөлімдерінің мамандары 21 шлакоблок өндіретін кәсіпкерлік нысандарды анықтады. Аралау барысында заңсыз жұмыс жасап жатқан 4 шлакоблок өндіретін орын иелеріне айыппұлдар салынып, жұмысы тоқтатылды және құжаттарын рәсімдеп, заңдастыруға нұсқама берілді.

1 қараша. Бұл күні аудан әкімі Арман Сәбитов Қарасу ауылдық округінің халқымен кездесті. Сапар барысында аудан басшысы Қарасу ауылына барды. Онда Жаңақұрылыс аумағындағы 106 га жерде жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жұмыстарымен танысты. Аталған құрылыс жұмыстары 2024-ке өтпелі. Аудан әкімі ауыз суға қатысты ағымдағы жылы жаз айларында туындаған проблемалардың қайталанбауын, осыған орай құрылыс жұмыстарын мерзімінде тапсыру және құрылыс сапасына баса назар аудару жөнінде мердігер мекемеге нақты тапсырмалар жүктеді. Мұнан соң, А.Сәбитов Қарасу ауылындағы салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

1 қараша. Қарасу ауылдық округі Әйтеке би ауылындағы Жаңақұрылыс көшесіндегі  76,0 га тұрғын үйлерге газ жүйесі берілді. Газ құбырын іске қосуға арналған салтанатты шараға аудан әкімі Арман Сәбитов қатысты. Кездесуде ауыл тұрғындары қуаныштарын жасырмады. Айта кетсек, газдандыру жобасының құны 334 млн теңгені құрайды. Енді 696 тұрғын үй немесе  3480 адам көгілдір отынмен қамтылды. Жобаға сәйкес, газ өткізгіш құбырдың жалпы ұзындығы 19,0 шақырым. Қазір газ жүйесін қосу жұмыстары жүргізілуде, нысан құрылысы пайдалануға тапсырылды. Бұл ретте, аудан әкімдігімен қатар «КазТрансГаз Аймақ»  және «Интергаз Орталық Азия» бірлесіп жұмыс істегенін айта кетейік.

1 қараша. Аудан әкімі Арман Сәбитов «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар көтерген мәселелердің басым бөлігі инфрақұрылым, жолдан өтетін ауыр жүк көлігі, ұлттық спорт түрелерін дамыту сынды проблемалар. Аталған жиында аудан басшысы ауылдық округ әкімдеріне өз деңгейінде шешетін мәселелерді жылдам орындауды тапсырды. Бұдан бөлек халық сұранысын қанағаттандыруға басымдық берген Арман Сәбитов тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдап, айтылған мәселелерді шешу бағытындағы жоба-жоспарларға жеке-жеке тоқталып өтті.

31 қазан. Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметінде аудан әкімі Арман Сәбитов БАҚ өкілдеріне 9 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысымен бөлісті.

ПІКІР ЖАЗУ