Түркістан: төрт аудандағы әкім сайлауының қорытындысы шықты
Түркістан облысындағы 4 ауданда: Созақ, Мақтаарал, Шардара және Бәйдібек аудандарында әкім сайлауы өтті. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаев 2023 жылдың 5 қарашасында пилоттық режимде өткен 4 аудан әкімінің сайлау қорытындысы бойынша есеп берді.
Бәйдібек ауданы бойынша сайлауға 3 кандидат қатысып, сайлаушылар тізіміне 28807 азамат енгізілді. Дауыс беруге -16729 сайлаушы қатысты. Бәйдібек ауданының сайлау қорытындысы бойынша 9379 дауыспен Бәйдібек ауданының әкімі болып 1973 жылы туған, «ERNUR» корпорациясы» ЖШС директоры болып қызмет атқарып келген Ерлан Заиыпұлы Нұрмаханов сайланды.
Мақтаарал ауданы бойынша сайлауға 3 үміткер қатысып, сайлаушылар тізіміне 70648 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 46114 сайлаушы қатысты. Сайлау қорытындысымен 29338 дауыспен Мақтаарал ауданының әкімі болып 1962 жылы туған, осыған дейін Мақтаарал ауданының әкімі болып қызмет атқарып келген Бахыт Нәсірханұлы Асанов сайланды.
Созақ ауданы бойынша сайлауға 3 кандидат қатысысты. Сайлаушылар тізіміне 35715 азамат енгізілді. Дауыс беруге -23948 сайлаушы қатысты. Сайлау қорытындысымен Созақ ауданының әкімі болып 16016 дауыс жинаған 1967 жылы туған, осыған дейін Созақ ауданының әкімі, болып қызмет атқарып келген Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбеков сайланды.
Шардара ауданы бойынша сайлауға 3 үміткер тіркеліп, сайлаушылар тізіміне 44109 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 29929 сайлаушы қатысты. Сайлау қорытындысымен 18259 дауыспен Шардара ауданының әкімі болып 1977 жылы туған, Шардара аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарып келген Арман Романұлы Қарсыбаев сайланды.