Сауран: «Жас ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» атты тақырыпта келелі басқосу өтті
Сауран ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Жас ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» атты тақырыпта келелі басқосу болып өтті. Жиынға Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, «Ардагерлер тынысы» журналының бас редакторы Ғани Қалмаханов, «Ардагерлер тынысы» журналының жоба үйлестірушісі, журналист Бейсенкүл Нарымбетова арнайы келді. Шараны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов ашып, жүргізіп отырды.
Сонымен қатар, аудандық Ақсақалдар алқасының мүшесі Оразгелді Егізбаев, аудандық Әкелер кеңесінің төрағасы Жұмағали Бекмурзаев, аудандық Әжелер алқасының төрайымы Балымхан Байтенова, аудандық Ауған соғысының ардагерлері кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, ауданның бас имамы Бауыржан Акауов, ауылдық округтердегі Ардагерлер кеңесінің төрағалары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектептердегі әкелер мектебінің төрағалары, ауылдық округтердегі әжелер алқасының төрайымдары қатысты.
Басқосуда арнайы келген қонақтар күн тәртібіндегі «Жас ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» тақырып аясында сөз сөйлеп, өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Тақырыптың аты айтып тұрғандай қазіргі таңдағы жастар тәрбиесі өзекті мәселеге айналып отырғандығы жасырын емес. Бүгінде жас ұрпақ тәрбиесіне бетбұрыс жасау қажеттілігі көтеріліп келеді. Бұл мәселеге бүкіл қоғам болып атсалысу керек, тиісті құзырлы орган басшылары озық идеяларды қолдап отыруы қажет.
Жиында алдымызда тұрған міндет – ұрпақ тәрбиесіне жаңа бағыт, жаңа көзқарас, жүректен-жүрекке жететін әртүрлі тақырыпта қойылым ұйымдастыру арқылы жаңа тәрбиенің формасын өмірге ендіру керектігі айтылды. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» деген сөзі бүгін де өзінің мазмұнын жоғалтқан жоқ. Жиын барысында көптеген ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Ұрпақ тәрбиесіндегі сабақтастықты дамыту жолында кешенді бағдарлама жасау қажеттігі де айтылды. Жиын соңында көтерілген түрлі мәселелер назарға алынып, тиісті жұмыстарды бірлесіп жүргізуге уағдаласты.