Түлкібас: облыстық мобильді топ ауданымызға арнайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Бүгінде қоғамымызда адам саудасы ең өзекті мәселенің бірі болып тұр. Мәселең 2022 жыл мен 2023 жылдың 9-айында облыс көлемінде адам саудасы фактісімен 10 қылмыс тіркеліп, сотқа жолданған.

Осы ретте, бүгін адам саудасының алдын алу, болдырмау және құрбандарына көмек беру мақсатында құрылған, құрамында Түркістан облысының бақылау басқармасының бас маманы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы, Түркістан облысының полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Тұрдықұлов Сардор Тұрдалыұлы, «Сана сезім» әйелдер бастамалық құқықтық орталығы қоғамдық бірлестігінің заңгері Сағынбек Самат Маратұлы бар облыстық мобильді топ ауданымызға арнайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиынға аудандық прокуратураның және полиция бөлімінің жауапты қызметкерлері, білім беру ұйымдарының психолог мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Жиын барысында мобильді топ мүшелері адам саудасының алдын алу бойынша баяндамалар жасап, бүгінгі таңда қоғамдағы түйіткілді мәселенің бағыттарына тоқталды. Атап айтсақ, жыныстық қанау, мәжбүрлі еңбек, қылмыстық қанау, қарыздық міндеттеме, балалар еңбегін қанау, «тұрмыстық» құлдық, қайыр сұрауға мәжбүрлеу, қарулы құрылымдарда адамдарды күш қолдану, бала асырап алу мақсатында балаларды сату, органдар мен тіндерді трансплантациялау үшін адам саудасы.

Егерде, жоғарыда аталған фактілерге туыс-таныстарыңыз душар болған жағдайда міндетті түрде 116 16 немесе 102 байланыс номеріне телефон шалып, көмек ала алатындығын жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Ербол Керімбекұлы ауданымызға аранайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген топ мүшелеріне алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Адам саудасының құрбаны болмауға арналған кеңестер

  • Шетелде жұмыс ұсынатын агенттіктің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңды түрде лицензия алғанына көз жеткізіңіз.
  • Шетелге барар алдында еңбек келісімшартын жасаңыз. Сізге қол қоюға ұсынылатын келісімшартты мұқият оқып шығыңыз, түпнұсқалардың бірі сіздің қолыңызда қалуы керек. Сізді шетелге жіберетін фирмаға қатынасы жоқ заңгермен кеңесіңіз. Келісім-шартта жұмыстың шарттары, сондай-ақ тұру, ақы төлеу және медициналық сақтандыру шарттары қарастырылуы тиіс.
  • Жұмыс визасын алыңыз, туристік виза сізге жұмыс істеу құқығын бермейді. Сіз барғалы отырған елшіліктен осы жұмыс түріне жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы сұраңыз.
  • Медициналық сақтандыруды алыңыз.
  • Барлық құжаттарыңыздың, визалардың, төлқұжаттардың кем дегенде екі данасын жасаңыз, бір данасын өзіңізбен алыңыз, екіншісін туыстарыңызға қалдырыңыз – бұл сіздің қолыңыздан құжаттарыңызды тартып алған немесе құжаттарыңызды жоғалтқан кезде көмектеседі.
  • Туыстарыңызға қайда және кіммен бара жатқаныңызды айтыңыз, телефон нөмірлерін, тұрғылықты жеріңізді қалдырыңыз. Отбасыңызбен келісіңіз, егер сіз белгілі бір уақытта қоңырау шалмасаңыз, бұл сізге қауіп төніп тұрғандығын білдіреді.
  • Кетер алдында сіз кіретін елде сізге көмектесе алатын ұйымдардың мекенжайы мен телефон нөмірлерін біліп, есте сақтағаныңыз жөн. Бұл Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ жұмыспен қамту еліндегі көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның кеңселері.
  • Және, әрине, сіз баратын елдің тілін, сіздің мамандығыңыз сәйкес келетінін, таңдалған жұмысқа қойылатын біліктілік және т.б.
  • Егер сіз «құл саудасының» құрбаны болсаңыз, бірақ қашып кетсеңіз, консулдығыңыздан немесе басқа елді мекеннен қолдау іздеңіз.

Есіңізде болсын! Құжаттарыңызды ешкімге бермеңіз, ешқандай жағдайда, көші-қон қызметі мен құқық қорғау органдарының өкілдерінен басқа.

Сіздің төлқұжат тек сіздікі!

Қырағылық, байқампаздық танытыңыз, кез-келген ұсақ-түйекке назар аударыңыз.

ПІКІР ЖАЗУ