Түркістандық Антикор атқарған жұмыстармен таныстырды
Бүгін “Зияткер-Ұстаз” ҚБ ұйытқы болуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев мырза облыстың бір топ белсенді педагогтарын қабылдап, Департамент атқарған жұмыстармен таныстырып, жоспарларымен бөлісті.
Облыста сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелері айтарлықтай екен.
Өз кезегінде белсенді педагогтардың әрқайсысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша өз ойларын ортаға салды.
Мұрат мырзаның қарапайым педагогтарды жылы қабылдауының әсері болса керек, кездесу соңында педагогтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Агенттігінің бастамасымен құрылған волонтерлік қозғалысқа қосылды.
Өз кезегімде мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет волонтерлік қозғалысы туралы Ережелерде волонтерлердің жеке қауіпсіздігіне қатысты баптар енгізуді ұсындым.
Әйтпесе кейбір басшылар жоғарыға шағымданған педагогтарды “жала жапты”, “қорлады” деген секілді түрлі сылтаулармен сотқа сүйрелеп жатқан фактілер бар.
Мұрат Төлеубаев мырза педагогтардың белсенділігі үшін алғыс айтып, менің ұсынысымды жоғары басшыларға жеткізуге уәде берді!
Меніңше, мұндай кездесу Республикада алғаш рет өтіп отыр.
Түркістандық Антикордың бастамасы өзге өңірлерде де қолдау табады деп үміттенеміз!