Сайрам: Қарасулықтар инфрақұрылым мәселесін көтерді

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов Қарасу ауылдық округінің халқымен кездесті.

Сапар барысында аудан басшысы Қарасу ауылына барды. Онда Жаңақұрылыс аумағындағы 106 га жерде жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жұмыстарымен танысты.

Аталған құрылыс жұмыстары 2024-ке өтпелі. Аудан әкімі ауыз суға қатысты ағымдағы жылы жаз айларында туындаған проблемалардың қайталанбауын, осыған орай құрылыс жұмыстарын мерзімінде тапсыру және құрылыс сапасына баса назар аудару жөнінде мердігер мекемеге нақты тапсырмалар жүктеді.

Мұнан соң, А.Сәбитов Қарасу ауылындағы салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындар тарапынан аудан әкіміне өздерімен қайта кездесіп, халықтың ұсыныс пікірлерін ескеріп жатқанына алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ, жергілікті халық тарапынан жарық мәселесін ағымдағы жылға дейін шешіп берсе деген ұсыныстарын жеткізді. Бұл ретте, аудан әкімі жауапты мердігер тарапынан құрылысты биыл аяқталған жағдайда ағымдағы жылға қаражат аудару бойынша жұмыстар жүргізу туралы тапсырма берді.

ПІКІР ЖАЗУ