Келес: жалпы, ақпараттандыру және әкімшілік бөлімшесінің басшысы тағайындалды

Келес ауданы әкімінің өкімімен Келес ауданы әкімі аппаратының жалпы, ақпараттандыру және әкімшілік бөлімшесінің басшысы болып Еркінбекова Қарашаш Маханбетәліқызы тағайындалды. Жаңадан тағайындалған бөлімше басшысын ұжыммен таныстырған аудан әкімі аппаратының басшысы Бахтияр Абдрахманов алдағы жұмысына сәттілік тілеп, жаңа міндеттерді жүктеді.

Қарашаш Маханбетәліқызы 1964 жылы 27 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданында(қазіргі жетісай ауданы) көпбалалы отбасында дүниеге келген.

1986 жылы – Халықтар достығы орденді Ташкент ауыл шаруашылығы институтын Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген.Сонымен қатар 2008 жылы – Қазақ гуманитарлық заң университетін Құқықтану-заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1986-1988 жылдары аралығында Сырдария ауданы Фергана техникумында оқытушы болып бастаған, 1989 -1991 жылдар аралығында Келес өндірістік комбинатында экономист, 1992 – 1995жылдар аралығында Келес кәсіптік техникалық училищесінде оқытушы, 1995-1999 жылдар аралығында Сарыағаш ауданы Қайырымдылық қорында бас маман, 1999-2001 жылдар аралығында ЖШС Асықата газ мекемесінде басқарушысы,2001-2002 жылдар аралығда Абай ауылы әкімшілігінде салық инспекторы, 2003-2007 жылдар аралығында Бірлесу ауылдық округінде бас маман іс басқарушы, 2007 жылдан бүгінгі күнге дейін Бірлесу ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың « Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын мемлекеттік қызметкерлер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ» атты республикалық байқауына қатысып Еркінбекова Қарашаш Маханбетәліқызы жеңімпаз атанып, марапатталған

ПІКІР ЖАЗУ