Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мәжіліс залында 25 қазан -Республика күніне орай, өңірді дамытуға үлес қосқан белсенді үкіметтік емес ұйым мен қоғамдық кеңес өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

— Республика күні – қазақ халқының мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. 1990 жылы 25 қазанда «Қаз ССР-нің мемлекеттік Егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Біз бірлігімізді сақтап, ұлт мүддесі жолында еңбек етуіміз керек. Ұлттық мерекеміз – бірлігіміздің негізгі темірқазығы! Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деген облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Бақытжанұлы өңірді дамытуға үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік марапаттарды тапсырды.

Қоғамның түрлі саласында еңбегімен дараланған азаматтарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызының және Түркістан облысы әкімінің алғыс хаттары мен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдары табысталды.

Сәйкес жаңалықтар

Облыстың бас полицейі жеке құрамға қылмыстық істерді тергеу бойынша тапсырмалар жүктеді

admin

Түлкібаста ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

admin

Жамбыл облысында патриоттар форумы өтті

admin