Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: әлеуметке қамқор — әлеуметтік сала қызметкерлері!

Қазан айының соңғы жексенбісі Қазақстан Республикасының күнтізбесінда Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып белгіленді.

Бүгін осы мерейлі мереке қарсаңында облыс орталығының әлеуметтік саласында еңбегі сіңгендер, абыройлы жұмыс атқарып жүрген мамандарға құрмет көрсетілді.

Жиын Түркістан қалалық әкімдігінің ғимаратында қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаевтың қатысуымен өтті.

Шара басында алғы сөз алған Мекенхан Қозыханұлы шаһар басшысының мерекелік құттықтауын жеткізіп, алғыс хатын табыстады.

Басқосуда қызметкерлерге облыстық

«Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» басшысы Асия Темірбаева, «Amanat» партиясының облыстық филиалы төрағасы Алтынсары Үмбеталив пен атқарушы хатшы Сұлтанхан Таштеевтің, сонымен қатар, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевтің мерекелік марапаттары берілді.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Апатты деп танылған тұрғын үйлер түбегейлі жаңартылады

admin

Иранда уақытша Жоғарғы көшбасшы тағайындалды

admin

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ «ЖАСТАР ЛИГАСЫНДА» ЖЕҢІМПАЗ АТАНҒАН №87 МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

admin