Ордабасы: Темірланда ақыл-ой бәсекесі – шахмат байқауы ұйымдастырылды

Бүгін аудан орталығы Темірланда «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасы аясында «Зияткер ұрпақ – ұлт болашағы» атты шахмат сайысы ұйымдастырылды.

Ақыл-ой бәсекесінің ашылуына аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, барша жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жоба авторларына ризашылығын білдірді.

«Интеллектуалды ұлт» жалпыұлттық жобасы асянда бұл сайыс жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінде мектептерімізде шахмат үйірмелері жасақталып, онда машықтанған жасөспірімдер түрлі деңгейдегі сайыстарда топ жаруда. Өскелең ұрпақты ақыл-ой додасына баулитын жоба өміршең болсын. Жоба авторларына алғыс білдіремін», деді аудан әкімі өз құттықтауында.

Жарыстың ашылу рәсімінде «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасының авторы және «Шахмат әліппесі» кітабының құрастырушысы Балтабек Түйетаев жарыстың ережесін түсіндіріп, жобаға қолдау көрсеткен аудан басшыларын атап өтті.

Ересектер мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған шахмат жарысына аудан тұрғындары мен барлық мектеп ұжымдарының шахматсүйер жасөспірімдері қатысуда.

ПІКІР ЖАЗУ