Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кентау: «Бейбіт күннің батырлары» атты жас мобилографтар байқауы өтті

«19-қазан Құтқарушылар күні мерекесі» орай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Бейбіт күннің батырлары» атты жас мобилографтар байқауының жеңімпаздары марапатталды!

Байқаудың мақсаты-құтқарушылардың адам өміріне қаншалықты пайдалы екенін білдіру, сонымен қатар, құтқарушы қызметінің қыры мен сырларын түсіндіру. Құтқарушылардың еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу болып табылады.

Байқау жеңімпаздарын Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы арнайы құттықтап, қатысушыларға белсенділігі үшін өз алғысын білдірді.

Жарыс нәтижесіне сәйкес:

1-орын: Медеш Жомарт Тұрымұлы (Арыс қаласы) 150 000тг

2-орын: Жамал Ерлан Бақытжанұлы (Кентау қаласы ) 100 000тг

3-орын: Кемелбаев Гани Мусералиұлы (Сарыағаш ауданы) 75 000тг

”Ең креативті бейнежазба” номинациясы-Мұсабек Бақыт Ардаққызы (Сауран ауданы) 30 000тг

Сәйкес жаңалықтар

«Бюджет народного участия»: в Медеуском районе Алматы благоустроили пешеходные маршруты

admin

Астанадағы тұрғын үйде лифт құлады: бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды

admin

ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші биыл 85 пайызға жеткізіледі

admin