Кентауда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған мерекелік кеш өтті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «жыл сайынғы қазанның 25-ін Егемендік күні – еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек» деген болатын. Міне, содан бері жыл сайын бұл мереке маңызды күнге айналды.

Маңызды мереке де Кентау қаласындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды да тыс қалдырмай, мерекелік шара ұйымдастырылып, ақдастархан жайылды.

Мерекелік шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова дастархан басына жиналған жандарды айтулы мерекемен құттықтады. Мерекенің маңыздылығына тоқталып, қоғамда белсенділік танытып жүрген бірқатар азаматтарға қала әкімінің мерекелік «Алғыс хатын» табыстады.

Жиында қоғамдық ұйым мүшелері өз өнерлерін паш етіп, мерекелік дастарханға жиналған ерекше жандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

ПІКІР ЖАЗУ