Сарыағаш: ауданда жастар арасында зияткерлік сайысы өтті

«25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай, аудан жастары арасында «IQ BATTLE» зияткерлік сайысы болып өтті.

Зияткерлік ойынның мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Сондай-ақ, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал ету.

Білімділер сайысына аудан аумағындағы аудан жастары, әкімшілік және білім беру мекемелерінен 18 команда қатысып, мықтыны анықтады.

5 кезеңнен тұрған тартысты әрі қызықты өткен ойшылдар сайысында:

I -орынды «Конина Power» командасы;

II -орынды «Шәкәрім жастары» командасы;

III -орынды «Алаш» командасы иеленіп, аудан әкімінің алғыс хаттарымен мапаратталып,бағалы сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, зияткерлік сайысқа төрелік еткен қазылар алқасының құрамындағы М.Асилов 18 қатысушы командаларға арнайы дипломдарымен марапаттап, бағалы сыйлықтарын табыстады.