Сайрам: Республика күніне арналған мерекелік шара өтті

Бүгін аудан орталығында орналасқан Қ. Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде 25 қазан Республика күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі А. Сәбитов аудан халқын мерекемен құттықтады.

-Ардақты әлеумет! Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды Ұлттық мерке -Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке біртұтас Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны деп білемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен жылы күнтізбеге енген мереке көпшіліктің қолдауына ие болып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры беки түсті. Республика күні-халықтың рухвн көтеріп, береке-бірлігімізді арттыратын мереке. Яғни, қазақ халқының қаншама ғасырлық мемлекеттік дәстүрінің жаңғырған күні. Бостандық үшін күрескен бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналған күн. Ендеше, бүгінгі мереке башаңызға құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!”, -деп құттықтай келе ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан сала қызметкерлерін арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.

Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Концертте халық әні Беу-айдай», қазақ биі «Үлгілі» және «Отаным» сынды өнер туындылары көрермендерге ұсынылды.

ПІКІР ЖАЗУ