Ордабасы: көрсеткіштерді орындай алмаған сала жауаптыларына шара көріледі

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті.

Жиналыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, бюджет қаржысының атқарылуы және индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмыстары мен жоспары жөнінде салалық бөлім басшылары есеп тыңдалды.

Аудандық Экономика және қаржы бөлімінің есебінде ауылдық округ әкімдерінің қалдық қарыздарды өндіру көрсеткіші, аудандық

ЖКХ мен Құрылыс бөлімі бойынша тіркелмеген міндеттемелер жайы айтылды.

Аудан басшысы қарыздарды қайтару, тіркелмеген міндеттемелерді орындамаған сала жауаптыларына ексерту жасап, жұмысына салғырттық танытқан ауыл әкімдеріне әкімшілік шара көруді тапсырды.

Әрі барлық ауылдық округ әкімдеріне салық түсімдерін, тағы басқада қазынаға келетін қаржы көздері бойынша жұмыстарды жүйелеуді жүктеді.

Ал, аудандық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков салалық бөлім бойынша индикаторлардың 9 айдағы көрсеткіші бойынша баяндама жасады.

Өз кезегінде аудан басшысы аграрлы ауданның облыс көлеміндегі рейтингте жоғары орыннан көрінуі қажет екенін тілге тиек етіп, шаруашылық көлемін ұлғайту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Әрі, күзгі жиын-терімнің жағдайын саралайтын “Алтын күз” мерекесіне дайындықты күшейтуді айтып өтті.

Сондай-ақ, апталық жиында Азат Әбдіғалиұлы қысқы жылу беру маусымы, білім беру, денсаулық сақтау секілді әлеуметтік нысандарды қатты отынмен қамту, жылыжайлардың қысқы жылыту жұмыстары, ауылдардағы шаруалардың “Ауыл Аманаты” бағдарламасына қатысу деңгейі, күзгі жасылдандыру (ағаш отырғызу) бойынша сала жауаптыларынан есеп алып, тиісті міндеттер жүктеді.

 

ПІКІР ЖАЗУ