Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Келес: Республика күніне орай ерекше азаматтар арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды

Келес ауданында 25 қазан — Республика күніне орай зейнеткерлер мен “Ерекше” жандар арасында спорттың шахмат, дойбы, үстел теннис, бильярд түрлерінен сайыс өтті. Аталған шара «Қазыналы қария – Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының базасында ұйымдастырылды.

Спорттық сайысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, марапаттауға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев барды.

— Бұл күн Қазақстан Республикасының негізі қаланған тарихи сәт ретінде де өте қастерлі. Ұлттық мерекеміздің мән-мағынасын жас ұрпаққа түсіндіру, патриотизмді күшейтіп, ел бірлігін сақтау – әрбір Қазақстан азаматына артылған қасиетті борыш. Барша зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтарды Республика күнімен құттықтай отырып, әр отбасына амандық, татулық, бақ-береке тілеймін – деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары.

Іс-шарада жалпы 11 мүгедектігі бар азаматпен 15 зейнеткер сайысқа түсті. Жеңімпаздар арнайы естелік сыйлықтармен алғыс хаттар табысталды.

Сәйкес жаңалықтар

Қаңтар айының зейнетақысы желтоқсанда беріледі деген рас па?

admin

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ – ЕЛІМІЗДІ АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

admin

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті vi сессиясы өтті

admin