Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібек: волейболдан мекемеаралық жарыс өтті

25 қазан ұлттық мереке Республика күніне орай аудандағы мекеме қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті.

Спорттық жарысқа арнайы қатысқан аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Берік Тұрлыбеков барша спортшыларды Республика күнімен құттықтап, қатысушыларға нәтижелі ойын мен жеңіс тіледі.

Волейболдан өткен жарысқа 8 команда қатысты. Күні бойы өткен жарыс тартысты өтіп, нәтижесі бойынша 1 орынды №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 2 орынды Шаян лицей жалпы орта мектебі, 3 орынды аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жеңіп алды. Сонымен қатар үздік ойыншы номинациясын Жадыра Жолдасбекова, үздік шабуылшы номинациясын Мұхит Патсаев, үздік байланыстырушы номинациясын Алик Әбілқасымов иеленді.

Жеңімпаздар мен номинация иелеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент: үш жылда 792 шақырым жол жөнделді

admin

Аудан әкімі Машат және Арыс ауылдық округтерінде VI тоқсанды қорытындылады

admin

Сарыағаш: жұмыс орындалуда емес, нақты мәлімет, нақты нәтиже болуы қажет!

admin