Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Түркістандық Бибарыс – Азия пара ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері!

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия Параойындары жалғасып жатыр. Дүбірлі сында Түркістан облысының спортшылары өте сәтті өнер көрсетуде. Бүгін Бибарыс Спатай ойындардағы кезекті әрі екінші күміс медаліне қол жеткізді.

Бибарыс VL3 дәрежесі бойынша 200 метрге ескек есуден мәреге екінші келді. Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті қос күмісті еншілеп, ел сенімін ақтай білді.

Осылайша, Ханчжоуда Түркістан облысының параканоэ өкілдері 3 күміс және 1 қола медальмен жарысты аяқтады. 28 қазанда жарыс жолына пара-академиялық есу шеберлері шығады. Түркістандық спортшы Темірхан Дайырбек бақ сынайды. Мамандар спортшыдан үлкен үміт күтіп отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Президент құттықтауынан кейінгі Жаңажылдық бейнебаян қалай түсірілді

admin

Көпбалалы отбасыларға 9 айда 273 млрд теңгеге жәрдемақы төленді

admin

Полицейлер мас жүргізушіні қуып әзер ұстады

admin