Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: ауданаралық футбол турнирі өтуде

Жастарды спортқа үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесі мен спортты одан әрі дамыту, аудан тұрғындарын спортпен жүйелі түрде айналысуға дағдыландыру мақсатында « 25 қазан -Республика күні» аясында және «Жас қанат» футбол клубының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған ауданаралық футбол турниріне аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, салтанатты түрде ашып берді.

Турнирге Қазығұрт, Келес ауданынан, сонымен қатар, ауданымыздан 7 команда қатысуда.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде аудан басшысы «Жас қанат» футбол клубының құрылуына үлес қосқан белсенділер: облыстық мәслихаттың депутаты Ж. Сүлейменов, Н.Бердиев, Д. Кенжеевтерді арнайы алғыс хатпен марапаттап, төс белгілер табыстады.

Айта кетсек, «Жас қанат» футбол клубы 1998 жылы құрылған. Команданың құрылуына ауданның азаматтары және облыстық мәслихаттың депутаты Сүлейменов Жәнібек ұйытқы болған. Команда түрлі аудандық турнирлердің жеңімпазы атанып. Сонымен қатар, 1998, 1999, 2000 жылдары қатарынан аудан чемпионы атанып, аудан кубогын жеңіп алған.

Турнирдің салтанатты ашулы меркесінде ауданның өнерпаздары қатысушыларға арнап әсем ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сәйкес жаңалықтар

Алматы присоединился к республиканской акции по посадке деревьев выпускниками

admin

Астанада 2026 жылғы әлемдік рекордтар кітабына енген қазақстандықтарға құрмет көрсетілді

admin

Шымкентте дүкеннен 7,5 млн теңгенің тауарын ұрлаған 18 жастағы азамат ұсталды

admin