Сарыағаш: жұмыс орындалуда емес, нақты мәлімет, нақты нәтиже болуы қажет!

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Мәжілісті бастамас бұрын аудан басшысы жаңадан тағайындалған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы А.Анарбаевды аудан активіне таныстырып өтті.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Алдымен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Х.Жұманова жеке тұлғалардың берешегін өндіру барысы туралы баяндап өтті.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.Мейманбаев 9 айдың қорытындысымен қаржының игеріліуі және индикаторлардың орындалуы туралы баяндамасы тыңдалды.

-Жұмыс орындалуда емес, нақты мәлімет нақты, нәтиже болуы қажет, -деп мәжілісті қорытындылаған аудан басшысы, баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, күн тәртібіндегі мәселелер кеңінен талқыланып, нақты тапсырмалар жүктелді.

Сондай-ақ, аудан әкімі көтерілген мәселелерді шешудің нақты ұсыныстары әзірленіп, нақты мерзімін көрсетіп, сол бойынша жұмыстар жүргізу қажет екенін және тапсырмалар қатаң бақылауға алынып, келесі есепте атқарылған жұмыстардың нәтижесіне нақты шешім қабылданатынын атап өтті.

 

ПІКІР ЖАЗУ