Кентау: Қарнақта 60 мың бас құсқа арналған цехы өз жұмысын бастайды

Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Искаков Қарнақ ауыл тұрғындарымен кездесіп, шаруалардың жұмысымен танысты. Ең алдымен Ырмақ су қоймасының қысқы маусымға дайындық барысын бақылады.

Сонымен қатар, ауылда орналасқан заманауи қоршаулар мен плиталар шығаратын цехтың жұмыс барысымен танысты. Бүгінгі таңда, «EVROPLIT» цехы облыс бойынша тасы өрге домалаған цехтың бірі. 2015 жылы ашылған цех небәрі 15 соттық жерде орналасып-ақ замануи үлгідегі плиткалардың түр-түрін шығарады.

Шығарылған өнім негізінен қаладағы кез-келген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында қолданылады. Бүгінде цехтан тапсырысқа орай 40-қа жуық бұйым жасалады. Бұдан бөлек цехта облыста кездесе бермейтін евро үлгідегі қоршаулар шығарыла бастады. Оған деген сұраныста артқан. Цех қажетті озық технологиялармен жабдықталған. Онда 60-қа тарта жұмысшы бар.

Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Ғалымжанұлы мемлекет тарапынан кәсіпкерлердің жұмысын ұлғайтуға бағытталған төмен пайызды несиелерді алып, жұмыс көлемін ұлғайтуды ұсынды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алған құс цехында болды. Онда бүгінгі таңда қызу жұмыс жүруде. Жуырда 60 мыңдай бас құс әкелу жоспарлануда. Бұл цехта құс еті өндірілмек.

ПІКІР ЖАЗУ