Түлкібаста Республика күніне орай кіші футболдан турнир өтті

Бүгін ұлық мерекміз “25 қазан Қазақстан Республикасы” күніне арналған мекемелер арасында кіші футболдан аудан біріншілігі өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл жолғы турнирге ауылдық округ, кент әкімдіктері мұрындық болды. Естеріңізде болса Конституция күніне орай спорттық мерекені аудандық мәслихаттың депутаттары ұйымдастырып, эстафетаны ауыл әкімдеріне жолдаған болатын.

Спорттық шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Жанесен, аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов, Майлыкент Ауылдық Округінің әкімі Қайрат Ахметов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа жалпы 12 команда қатысып, нәтижесінде жүлделі І-орынды өрт сөндіру бөлімінің құрамасы, ІІ-орынды ауылдық округ, кент әкімдіктерінің құрамасы, үздік үштікті аудандық аурухананың денсаулық командасы түйіндеді. Жүлделі орындардан көрінген командалар және үздік ойыншылар ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйлық пен кубок, медаль және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

ПІКІР ЖАЗУ