Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Созақ: «Менің елім-менің туым» экоакциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

Бүгін аудан аумағында «Менің елім — менің туым» экоакциясы аясында жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбілікке бөлім, мекеме мамандары, кәсіпкерлік нысандардың иелері мен тұрғындар жұмылдырылып, белгіленген аумақты күл-қоқыстан тазартты.

Тазалық жұмыстарына 1891 адам,14 арнайы техникалар тартылып, тазалық жұмыстары барысында 36 шақырым көше бойлары, 7,5 шақырым аяқ жолдар ретке келтірілді. Сондай-ақ Шолаққорған-Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағы тазартылды. Шөптері шабылып, қураған ағаштары кесілді.

Қоршаған ортаны таза аймаққа айналдыру мақсатында ұйымдастырлыған сенбілікте көше бойлары мен әлеуметтік нысандардың аулаларына, саябақтарға және “Жасыл белдеу” аумағына 5450 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

Сенбілік аясында 75 тоннадан астам күл-қоқыстар арнай қоқыс тастайтын палигондарға тасымалданды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр

admin

Түркістан облысында тікұшақ пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығаратын зауыт салу мәселесі талқыланды

admin

ШЫМКЕНТ: Мәжіліс депутаты Ф.Қаратаев коллектор құрылысының барысымен танысты

admin